1 триллион теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды: заңсыз алынған активтерді қайтару жұмыстарының қорытындылары шығарылды
Қазақстанда заңсыз алынған активтерді қайтару жөніндегі жұмыстардың қорытындылары шығарылды. Бас прокуратураның мәліметінше, жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден астам активтерді қайтару бойынша шаралар қабылданып, оның ішінде мемлекетке нақты қайтарылғаны 1,076 триллион теңгеден асты.
Қайтарылған қаражат пен мүлік елдің әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталуда. Жұмыс Қазақстан Республикасының «Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару туралы» Заңына сәйкес жүргізіліп, заңдылық, ашықтық және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бас прокуратураның атап өтуінше, активтерді қайтару адал кәсіпкерлердің, инвесторлар менкредиторлардың құқықтарын сақтай отырып, сондай-ақ кәсіпорындардың ағымдағы шаруашылық қызметіне араласпай жүзеге асырылуда.