Жүгіру жолы
Кіру
AA+
№51 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы Іле ауданы Жапек батыр ауылы
Жүгіру жолы
№51 орта мектеп» МКМ
Алматы облысы Іле ауданы Жапек батыр ауылы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылдың 14 сәуір күні №51 орта мектептің мәжіліс залында «Ғұмырдария» тақырыбында ерекше мазмұнды кездесу кеші өтті. Бұл тағылымды шара «Мен үлгі тұтатын тұлға» жобасы аясында ұйымдастырылып, өскелең ұрпаққа өмірлік бағыт-бағдар беру, елге қызмет етудің маңызын түсіндіруді мақсат етті.
Кештің құрметті қонағы – Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу комиссиясының мүшесі, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі жанындағы комиссия төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша «Тәлімгерлер кеңесінің» мүшесі, ҚР спортына еңбегі сіңген қайраткері Ерсұлтан Бектұрғанов болды.
Кездесу барысында Ерсұлтан Өтеғұлұлы өзінің балалық шағынан бастап, еңбек жолындағы маңызды кезеңдерімен бөлісіп, табысқа жетудің басты құндылықтары – тәртіп, еңбекқорлық және мақсатқа адалдық екенін атап өтті. Ол жастарға дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, әрбір жетістік артында тынымсыз еңбек жатқанын ерекше жеткізді.
Шара барысында оқушылар мен жас мамандар қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Әсіресе, бүгінгі жастардың қоғамдағы рөлі, ел дамуына қосар үлесі және жеке тұлға ретінде қалыптасу жолдары туралы айтылған ойлар көпшілікке терең әсер қалдырды.
Кеш барысында өнер де назардан тыс қалмады. Әсем әндер шырқалып, жас ұстаздың орындауында қонақтың шығармашылығынан үзінді оқылып, жиынның әсерін одан әрі арттырды. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан ақын Төлеген Айбергеновтың өлеңдері оқылып, рухани байланыс тереңдей түсті.
Еркін форматта өткен кездесу соңында Ерсұлтан Өтеғұлұлы жастарға ақ батасын беріп, елге адал қызмет етуді, білімге ұмтылуды және ешқашан өз мақсаттарынан бас тартпауды өсиет етті.
Осындай тағылымы мол кездесулер – жас ұрпақтың саналы, білімді, елжанды азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз. «Ғұмырдария» кеші қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты.