Алматы облысы Іле ауданы білім бөліміне қарасты орта мектептер Наурызнама аясында "Күй күмбірі" республикалық челленджін өткізді!
Аудандағы барлық білім беру ұйымдарынан 600 оқушы Нұрғиса Тілендиев мәдениет үйі алаңына жиналып, қазақтың ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйін орындады
Бұл шараның мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық музыка өнерін дәріптеу, күйдің терең мәнін сезіндіру және Наурыз мерекесінің мәдени құндылығын көрсету
Қатысқан әрбір оқушы – халық өнерінің жаңғыруына үлес қосқан азамат!