«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл мұра (Green Legacy)» акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Акция барысында қатысушылар көшет отырғызып, табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл игі іс - болашаққа жасалған маңызды қадам.